411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 122-ге жетті

  • 161
  • UPD: 13:33, 10.04.2020
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 122-ге жетті

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған, жағдайы аса ауыр науқас қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы хабарлады. Ауру жұқтырғандармен байланыста болған 1956 жылы туған азаматшадан коронавирус инфекциясы 16 наурызда анықталған. Одан бөлек, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне байланысты, науқас 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылған еді.

Тілеухан Әбілдаев, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

– Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің – тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессивті нашарлады. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23.50-де биологиялық қайтыс болғаны анықталды.

Айта кетейік, Алматыда тағы бір азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. 1967 жылы туған әйелдің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр. Сонымен қаладағы ауру жұқтырғандардың саны 122-ге жетті. Олардың 26-сы емделіп, ауруханадан шықты.

Хабар 24 телеарнасы