411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскери арнаулы жиынға баруға ниеттілердің қатары көп

  • 137
Әскери арнаулы жиынға баруға ниеттілердің қатары көп

Қазақстанда әскери арнаулы жиынға азаматтарымыз жылына екі рет шақыртылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бұрыннан бар ереже. Сондықтан төтенше жағдай кезінде жігіттер әскер сапына неліктен шақыртылды деген үрей болмауы тиіс. Мұны Қарулы күштердің бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев мәлімдеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Алматы облыстарында құрам жасақталды. Ақтөбе, Атырау облыстарында шақырту жалғасып жатыр. Сәуірдің он үшінен бастап Шымкент пен Қарағанды облысында, он төртінде Солтүстік Қазақстанда, он бесінде Жамбыл өңірінде, он жетісінде Түркістан аймағында әскери жиынға шақырту басталады. Ал Батыс, Шығыс Қазақстан мен Қостанай, Маңғыстау облыстарында құрам жасақтау мәселесі әлі қарастырылып жатыр. Атап өтейік, әскер сапына алынатын азаматтарға ақы бір айдың ішінде төленбек.

Хабар 24 телеарнасы