411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық 100 әскери міндетті ер азамат дезинфекциялық жұмыстарына дайын

  • 135
Павлодарлық 100 әскери міндетті ер азамат дезинфекциялық жұмыстарына дайын

Ертіс өңірінде 100 әскери міндетті ер азамат дезинфекциялық жұмыстарға кірісуге сақадай сай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін еріктілер тәжірибелік оқулардан өтіп, арнайы залалсыздандыру құралымен жұмыс істеуді меңгерді. Еріктілердің ең жасы – 20 жастағы жігіт болса, ең ересегі 56 жастағы запастағы офицер. Павлодарлықтардың барлығы өз еркімен келіп, еліміздегі төтенше жағдай кезінде жүктелген міндеттерін мүдірмей орындауды мақсат етуде. Сала мамандарының айтуынша, әскерилерге берілетін дезинфекциялық құрал үш гектар жер аумағын өңдеуге жетеді. Залалсыздандыру жұмыстары күніне алты сағат бойы жүргізіледі деп күтілуде. Санитарлық шаралар облыс орталығының қоғамдық орындары, көшелері мен әр ауланы қамтиды деп жоспарланған.

Мирбек Джекшебаев, аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник:

– Әскери еріктілердің тәжірибесіне оң баға беруге болады. Берілген тапсырмаларды дер кезінде орындайды. Жұмыстарына тиянақты. Дезинфекциялық жұмыстарға арналған аппаратты қолдануды меңгерді. Жүктелген міндеттерін мүдірмей орындайды деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы