411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды хайуанаттар бағында пони құлындады

  • 107
  • UPD: 15:02, 10.04.2020
Қарағанды хайуанаттар бағында пони құлындады

Қарағанды хайуанаттар бағында пони құлындады. Жаңа туған құлын және оның анасының жағдайы жақсы. Кішкентай понидің салмағы 9,5 келі, бойы 57 см.

«Бұл біздің хайуанаттар бағындағы понидің 8 жылдағы алғашқы төлі. Құлынның енесінің аты Зухра. Біз оны өткен жылы бір адамнан сатып алдық. Ал әкесінің аты Барамок. Ол 2009 жылы біздің хайуанаттар бағында дүниеге келген. Жаңа туған құлын және оның анасының жағдайы жақсы. Пони аяққа тұрып жатыр, бірақ анасынан бір қадамға алыстамайды», - дейді хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы Гүлнәр Адамбекова.

Жас құлын тек анасының сүтімен қоректенеді, ал оның анасына ерекше жем беріледі. Қарағанды хайуанаттар бағында барлығы 6 пони және 20 жылқы бар. Жақын арада тағы екеуі құлындайды. Қарағанды хайуанаттар бағы пониге ат беру үшін онлайн байқау жариялайды. Ол 1 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаз хайуанаттар бағына тегін кіру билетін және жұмсақ ойыншық пони алады. Instagram -дағы парақшада хайуанаттар бағының жаңалығын оқуға, байқау шарттымен танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы