413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлер тәжірибелерімен бөлісуде

  • 120
  • UPD: 15:56, 10.04.2020

Қазақстанға келген қытайлық дәрігерлер коронавируспен күресудегі тәжірибелерімен бөлісе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін онлайн форматында алғашқы жиын өтіп, отандық мамандарға бірқатар кеңес берілді. Мәселен, вирустың адам ағзасындағы инкубациялық кезеңі 4 күн болуы мүмкін. Бұл – ең қысқа мерзім. Ал ең ұзағы – 37 күн. Сондықтан карантин мерзімі 14 күн болып белгіленді дейді қытайлық дәрігер Лу Чэнь. Ал вирус жұқтырды деген күдік тудырған адамды карантиннен шығару үшін біріншіден оның дене қызуы 3 күн бойы бірқалыпты болу керек. Екіншіден, тыныс алуында ешқандай қиындықтар болмауы тиіс. Үшіншіден, МРТ және КТ көрсеткіштері жақсарған жағдайда және соңғысы полимеразды тізбектік реакция тесті екі рет теріс нәтиже беруі қажет. Осы 4 түрлі жағдай орындалғанда, пациентті ауруханадан шығаруға болады. Қазір коронавирустан емделген қазақстандықтар осы параметрлерге толық сай келу керек дейді қытайлық мамандар. Бұдан өзге ауруханадан шыққаннан кейін 14 күн оқшаулану міндеттеледі. Яғни бөлек бөлмеде тұрып, бөлек тамақ ішу қажет. Қолды жиі жуып, маска тағып жүру керек. 14 күннен кейін тағы дәрігерге қаралуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы