411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тағы екі адамнан COVID-19 белгілері анықталды

  • 136
  • UPD: 15:27, 10.04.2020
БҚО-да тағы екі адамнан COVID-19 белгілері анықталды

Батыс Қазақстан облысында да COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл науқастар да жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары екен. «Сырым» шекара бекетінде эпидемиолог мамандар жүргізген тексеру барысында азаматтардың бірінде дене қызуының көтерілгені анықталды. Шетелдік азаматтар бірден оқшауланып, провизорлық стационарға жеткізілді.

Диагнозы нақтыланған соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Облыс бойынша 119 азамат мониторингте бақылауда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 6 адам, карантиндік стационарда 59 адам, провизорлық стационарда 54 адам жатыр. Кешегі күн бойынша шекарадан барлығы 391 адам өткен.

Хабар 24 телеарнасы