399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан көз жұмған павлодарлықпен 118 адам байналыста болған

  • 124
  • UPD: 15:27, 10.04.2020
Коронавирустан көз жұмған павлодарлықпен 118 адам байналыста болған

Ертіс өңірінде коронавирус жұқтырудың екі дерегі тіркелгеннен кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті құжатқа облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойған. Нақтырақ айтқанда, екі көпқабатты тұрғын үй карантинге жабылды. Тұрғындардың барлығы ескерту алған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, карантиндегі адамдарды азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтуда мәселелер туындамайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оның біреуі адам өлімімен аяқталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабарлауынша, 86 жастағы зейнеткер ауруханаға түсіп, көз жұмған. Науқастың созылмалы ауруларға душар болғаны анықталды. Қазіргі уақытта қартпен байланыста болған 118 адам анықталып, олардың 65-сі үй карантиніне жатқызылды. Тағы 50 тұрғын мамандардың бақылауына алынды. Екінші науқас 39 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда азамат жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы – қанағаттанарлық.

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Екінші науқас – 1981 жылы туған Павлодар тұрғыны. Сегізінші сәуірде коронавирустың белгілерімен жұқпалы аурулар ауруханасының емханасына жатқызылып, жедел-жәрдеммен сол жаққа мельцер боксына жатқызылды. Тестті тапсырғаннан кейін оң нәтижесін көрсеткен. Қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты. Емделушінің айтуынша, 21 наурыздан бастап, Қазақстанның бірнеше қаласында болған. Оның ішінде Шымкент, Тараз, Қарағанды қаласы.

Зәмзәгүл Дощанова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының м.а:

– Халықты эпидемиологиялық шараларға түсістікпен қарауды сұраймыз. Атқарылып жатқан жұмыстар қаланың қауіпсіздігі үшін. Алдағы уақытта қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Қоғамдық орындар, сауда нүктелерінің жұмысына уақытша шектеулер енгізіледі деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы