413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан келген дәрігерлер Қазақстанның қай өңірлеріне барады

  • 140
  • UPD: 16:48, 10.04.2020
Қытайдан келген дәрігерлер Қазақстанның қай өңірлеріне барады

Қытай Халық Республикасынан келген дәрігер мамандар Нұр-Сұлтан қаласында 5 күн, Алматы және Қарағанды қалаларында 5 күннен болып, жергілікті дәрігерлер мен мамандарға тәжірибесімен бөліседі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.

Қытайдан келген мамандадың арасында инфекционист дәрігерлер, пульмонологтар, эпидемиологтар, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігерлері мен мейірбикелер бар. Олар Қазақстанда 15 күн шамасында болады.

Хабар 24 телеарнасы