120 дәрігердің жартысына жуығы коронавирусты кімнен жұқтырғаны белгілі болды
- 461
- UPD: 17:19, 10.04.2020

Қазақстанда қазіргі күні 120 дәрігер коронавирус жұқтырған. Ақ халаттылардың 67-сі дертті науқастардан немесе солармен байланыста болғандардан жұқтырғаны туралы нақты ақпарат бар. Ал сонда қалған 53 дәрігерге кімнен жұққан?
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың онлайн брифингтегі жауабы:
- Қалған медициналық персонал коронавирусты... өздерінің таныстарынан және/немесе жақындарынан жұқтырған.