413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында тағы бес адам қауіпті індетке шалдықты

  • 120
  • UPD: 18:12, 10.04.2020
Ақмола облысында тағы бес адам қауіпті індетке шалдықты

Олардың төртеуі Целиноград ауданындағы әлеуметтік-медициналық мекеменің емделушілері.

Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ал, вирус жұқтырғандардың жас шамаларына келсек, ең үлкені 84 жаста, ең кішісі 1981 жылы туған ер адам. Ал, бесінші дерек Қосшы ауылынан тіркеліп отыр. 33 жастағы жігіт өткенде осы аурудан көз жұмған әйелмен байланыста болған екен. Сол себепті де ол осы күнге дейін стационарлық карантинде жатқан.

Сонымен, өңірде коронавирусқа шалдыққандардың саны қазір 60-тан асты. Өкінішке қарай, олардың үшеуі көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы