420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бағаны негізсіз өсірген дәріханалар жауапқа тартылады

  • 306
  • UPD: 18:33, 10.04.2020
Бағаны негізсіз өсірген дәріханалар жауапқа тартылады

Алматыдағы 5 дәріхананың төтенше жағдай уақытында дәрі-дәрмекке бағаны негізсіз көтергені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс нәтижелері тиісті жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты. Қазіргі уақытта дәріханалардағы бағаның тұрақтылығына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бүгінге дейін қаланың 8 ауданындағы 135 дәріханаға тексеру жүргізілген. Бағаны негізсіз көтерген дәріхана ұйымдары 97 мыңнан 235 мың теңгеге дейін көлемде айыппұл төлейді.

Айта кетейік, қазір қаладағы 70 дәріханада медициналық бетперделер сатылуда.

Айзат Молдағасымова, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Бетперделер бір адамға 10 данадан ғана сатылады. 3 қабатты медициналық бетперденің бағасы 87 теңге, сүзгіші бар бетперденің бағасы 111 теңге көлемінде бекітілді. Бұл республика бойынша төмен баға болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы