399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Желіде ауруханадағы еңбек жағдайы туралы айтқан медиктер жұмыстан шығарыла ма?

  • 289
  • UPD: 18:58, 10.04.2020
Желіде ауруханадағы еңбек жағдайы туралы айтқан медиктер жұмыстан шығарыла ма?

Қазақстанда коронавирус анықталып, науқастар ауруханаға түскенде оларды емдеу жұмыстарына тартылған медициналық персоналдың жұмыс істеу жағдайларына шағымданып, әлеуметтік желіге жазғаны белгілі.

Қазір олардың көбі 14 күндік карантинде жатыр. Бұл персоналдың кейбірі карантин аяқталған соң жұмыстан шығарылатыны туралы да жазды. Сонымен олар жұмыстан шығарыла ма және оларға қатысты қандай жаза қолданылады?

Бұл сұраққа Нұр-Cұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова былай деді: 

- Иә, дәрігерлердің әлеуметтік желілерге жазғаны рас. Бұл инфекционист дәрігерлер. Олар карантиннен кейін жұмыс орындарына қайтып оралады. Бұл мамандарды жұмыстан шығарғалы жатқан жоқпыз. Себебі біз олардың осындай маман болуы үшін кезінде қаражат жұмсадық.

Хабар 24 телеарнасы