411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте электр жарығы толық қалпына келтірілді

  • 109
  • UPD: 18:49, 10.04.2020
Шымкентте электр жарығы толық қалпына келтірілді

Шымкентте құбылмалы ауа райының салдарынан сөніп қалған электр жарығы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 4 ауданда 8 мыңнан аса абонент жарықсыз қалған еді. Шымкентте көктемнің орта тұсында қар жауып, ақ ұлпаның қалыңдығы 15-20 сантиметрге жеткен.

«Мұндай жағдай тіпті қыс мезгілінде де болған емес», - дейді қала тұрғындары. Толассыз жауған қардың салдарынан ағаштар құлап, көліктерге шығын келтірді. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті мамандары табиғат құбылысынан болған қолайсыздықтардың қалпына келтірілгенін жеткізді. Қазір коммуналдық қызмет жұмысшылары құлаған тал-теректі жинап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы