427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жедел жәрдем қызметкерлері үстемақының барлығына бірдей берілуін талап етуде

  • 585
  • UPD: 23:13, 10.04.2020

Өскеменде жедел жәрдем станциясының қызметкерлері еңбекақыға қосымша төленетін қаржының барлығына бірдей берілуін талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы қосымша ақы короновирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған мамандарға ғана төленетінін айтқан. Бұдан соң тізімге ілінбей қалған қызметкерлер қосымша қаржыны төлеу жөніндегі ережені түсіндіруді талап етті.

Облыстық жедел жәрдем станциясында 4 ауысым бойынша бірнеше жүз қызметкер жұмыс істейді. Ал коранавирусқа қатысты арнайы 10 бригада құрылған. Президент тапсырмасы бойынша төленетін қосымша ақыны тек науқасқа барған бригада мүшелері мен ем-дом жасап жүргендер алып жатыр. Жедел жәрдем станциясының басқа қызметкерлері бұл шешіммен келіспей отыр.

Бақдәулет Керімхан, жедел жәрдем қызметінің фельдшері:

Перчатка мен маска ғана киіп, біз де сол шақыруға барамыз. Ол науқастың кімнен қарым-қатынаста болғанын, шетелден келген-келмегенін біз білмей де барамыз. Бірақ ол науқастан короновирус шығуы мүмкін. Яғни, неге арнайы киініп барған бригадалар алады да, баска бригадалар неге алмайды? Наразылық содан туындап тұр.

Қайрат Жақашев, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- Біздің барлығымыз станцияда жүргізуші болып, бірге жүрміз. Медқызмектерлер болсын. Бір тәуекелде жүргеннен кейін бәріне бірден төленгенін қалаймын.

Қазір Шығыс Қазақстанда короновирус 6 адамнан анықталып отыр. Осы науқастармен және қауіпті індетті жұқтыруы мүмкін деген адамдармен жедел жәрдемнің 266 қызметкері жұмыс істеген. 162 медицина қызметкері мен көлік жүргізушілеріне қауіптілік үшін жалақымен қоса үстемеақы төленді. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы әріптестеріне бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырып отыр.

Ілияс Мұхамеджан, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Барлық әріптестеріме ұсынатыным, бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге өкпелемейк. Егер біреу қиын жағдайға түссе, осындай коронавирус індетімен күресіп жатқан кезде басқа біреу оған ыза болмай, қайта өзінің әріптестеріне қолдау көрсету керек деп ойлаймыз.

Дегенмен, Денсаулық сақтау министрі індетпен күресте алдыңғы ілекте жүрген дәргелердің бәріне бірдей төленетін мәлімдеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Екінші топта 12 мыңға жуық медициналық қызметкерлер олар айлығына 425 мың теңге айлығына қосымша алатын болады. Бұл қызметкерлер провизорлық клиникаларда және жедел жәрдем көмектің дәрігерлері, ортаншы және кіші қызметкерлер. Бұлар ауырған науқастармен тікелей байланыспайды. Ал, үшінші топ бұл орташа топ. Олардың ішінде дәрігерлер де бар. Кіші медициналық қызметкерлер, санитарлық дәрігерлер. Бұл 11 мыңға жуық адам. Карантиндік объектіде, карантиндік стационарда, аэропорттарда, оның ішінде жедел көмек жүргізушілері де бар арасында. Бұлардың тәуекелі орташа. Сонымен, 212 жарым мың теңге алатын болады.

Министр айтқан санатқа облыста қанша медицина қызметкері ілінетіні анықталып болған. Ал, жедел жәрдем қызметкерлері өтемақыдан әлі де үміттеніп отыр

Авторы: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы