421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 68 ерікті әскер қатарына алынды

  • 295
  • UPD: 08:25, 11.04.2020
Атырау облысында 68 ерікті әскер қатарына алынды

Атырау облысында еріктілер коронавирус індетімен күресу үшін әскер қатарына алына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы 68 әскери-ерікті бүгін жедел штабтың шешімімен жергілікті биліктің қарамағына берілді. Олардың қатарында 20 медицина қызметкері, 30 қоғамдық тәртіп қадағалаушысы және 18 химия саласының маманы бар. Еріктілердің барлығы қорғаныш құралдарымен, 3 мезгіл тамақпен және жатар орынмен қамтылған. Сондай-ақ әскерге шақырылған азаматтардың бұрынғы жұмыстарындағы еңбекақысы сақталады. Ал жұмыссыздарға жалақы тағайындалады. Еріктілер тек қана Атырау облысының аумағында қызмет етеді.

Ахан Әлиев, аумақтық қорғаныс бригадасының командирі:

– Ертеңнен бастап олар өз қызметі бойынша міндеттерін орындауға кіріседі. Әзірге арнайы жиынның ұзақтығын біз 1 ай болады деп жоспарлап отырмыз. Әлі де ол үш айға дейін созылуы мүмкін. Осы аралықта олар әскери қызметші мәртебесіне ие болып, сол үшін жалақы алып және әскери қызметшіге тиісті барлық құқыққа ие болады.

Хабар 24 телеарнасы