431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік әскери қызметшілер қырағылық танытты

  • 410
  • UPD: 08:27, 11.04.2020
Семейлік әскери қызметшілер қырағылық танытты

Олардың бірі патрульдік кезекшілік атқару барысында тілсіз жаудан адам құтқарса, екіншісі іздеуде жүрген күдіктіні ұстауға қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24»

Аға сержанттар Қуанышбек Айсаулин мен Талғат Сайфуллин Чехов көшесінің бойында өртеніп жатқан ғимарат ішінен қала тұрғынын алып шыққан. Қызыл жалынның одан әрі өршуін тоқтатып, зардап шеккен азаматты жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырыпты. Ал Аслан Шұжықбаев пен Еркебұлан Оразтаев іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірген. Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция және Ұлттық ұлан сарбаздарымен қатар әскерилер де жұмылдырылған. Қазір патрульдік кезекшілікке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 650 қызметші мен 55 әскери полицей шығып жүргенін айта кетейік.

Аслан Шұжықбаев, 35411 әскери бөлімінің механик жүргізушісі:

– Түнгі сағат 3-ке таман патруль жасап жүрген кезде бір азаматты көрдік. Маскасы болмаған, сондықтан төлқұжатын тексердік. Төлқұжатын тексеру барысында ол болмады. Одан кейін ол кісіні тірек пунктіне жеткіздік. Ол жерде учаскелік инспектор базамен тексеріп, базада іздеуде жүрген адам екен.

Хабар 24 телеарнасы