425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде еріктілер қаланы көгалдандыруға атсалысты

  • 426
  • UPD: 09:49, 11.04.2020
Ақтөбеде еріктілер қаланы көгалдандыруға атсалысты

Шаһардың экологиялық жағдайы оларды көптен бері толғандырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыны керек, соңғы жылдары құрылысшылар жүздеген тал-теректі отап тастаған. Қаланы көріктендіруге ұмтылған жастар енді әрбір ағашты қадірлеп, баптап, күтуге құлшынып отыр. Жеңіс даңғылы бойына бұл жолы тағы жүзден астам емен көшеттері отырғызылды. Тұқымы ақтөбелік бағбанның шарбағында өсірілген. Жергілікті ауа райы мен қоршаған ортаға  үйреншікті болғандықтан тез бой алуы тиіс. Бұған дейін еріктілер Ақтөбе өңірінде болмаған павловния ағашын да отырғызған болатын. Түркіменстаннан алдырылған бұл өсімдік санаулы жыл ішінде жайқалып, тез өседі. Жалпы, былтырдан бері бұл саябаққа емен, үйеңкі, шаған, мойыл, терек пен қарағайдың бірнеше түрлері отырғызылды.

Евгений Лазарчук, волонтер:

– Былтыр отырғызылған көптеген көшеттер міне, бүршік атуда. Жиектеріне отырғызылған мамыргүлдерді айтпағанда, өзге де ағаштардың оянып жатқандығын байқадық. Сондықтан сәтін салса 7-8 жылдан  кейін бұл жер қалың баққа айналады.

Хабар 24 телеарнасы