420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлікпен жүргендердің 90%-інде жұмысқа баратынын растайтын анықтамасы бар

  • 278
  • UPD: 19:24, 12.04.2020
Елордада көлікпен жүргендердің 90%-інде жұмысқа баратынын растайтын анықтамасы бар

Елордада карантин жарияланғанына бүгін 25 күн болды. Ал, соңғы екі жеті жұмыссыз апта деп жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес берілді. Десе де, Қосшы елді мекенінен елордаға қатынайтындар ауылдан шыға берістегі тексеріс кесірінен жолда кептеліс пайда болатынына шағымданады. Мұнда полиция қызметкерлері барлық көлікті тоқтатып, карантин кезінде жүріп-тұруына рұқсат ететін анықтаманы тексереді және оны планшет арқылы әкімдік бекіткен тізіммен салыстырады. Сәйкес келгендері одан әрі жіберіледі. Тексеріс екі бағытқа да жүргізіледі. Анықтамасы жоқтар кері қайтады. Полиция қызметкерлерінің дерегінше, бір тәулікте мобильді бекеттен 40 мыңға жуық көлік тексерілді.

Блиц 1:

Үшінші күн осы. Адамдардың 90%-інде жұмысқа баратынын растайтын анықтама қағаз бар. Соның өзінде полиция өткізбейді. Кептеліс. Шаң жұтып, уақытымызды сарп етіп тұрмыз.

Блиц 2:

Жұмысқа үйден шығу өте қиын болды. Күнде ұстап тұрады. Бір 40 мин, 1 сағат болды тұрғанымызға. Кеше болды осылай және бүгін. Кеше кептеліс үлкен болды.

Блиц 3:

Неліктен мұндай жағдай туындағанын түсіне алмай отырмыз. Анықтамаларымыз бар. Жұмысқа кешігіп жатырмыз. Тоғызда жұмыста болуымыз керек еді. Кеш қалдық. 1-1,5 сағаттан бері тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы