Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің өмірінде сәйкестік көп

  • 490
Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің өмірінде сәйкестік көп

Бүгін – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні.

Бұл салада қазақ ұлтының үш ұланын мақтанышпен атаймыз. Оның алғашқысы – Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров. 1991 жылдың 2 қазанында көкке көтерілді. Ғарышта 7 күн 22 сағат өткізді. Үш жылдан кейін Талғат Мұсабаев аттанып, 341 күн 9 сағатын аспан әлемінде өткізді. Ал 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Айдын Айымбетов көкке көтеріліп, ғарышта 9 күн 20 сағат болып келді.

Айта кету керек, Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің өмірінде сәйкестік көп. Мәселен, екеуі де 27 шілдеде дүниеге келген. Бір оқу орнын тәмамдаған және аптаның сәрсенбісінде ғарышқа аттанған. Сондай-ақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқанда командирі Александр Волков болатын. Ал Айдын Айымбетов Александр Волковтың ұлы – Сергей Волковпен бірге ұшқан.

Хабар 24 телеарнасы