430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда лифтінің батырмасына түкірген ер адам 15 тәулікке қамалды

  • 376
  • UPD: 17:20, 12.04.2020
Алматыда лифтінің батырмасына түкірген ер адам 15 тәулікке қамалды

Алматы қаласы, Алатау ауданының тәртіп сақшылары қаладағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтінің батырмасына түкірген ер адамды ұстаған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтың бұл дөрекі әрекеті бейнебақылау камерасынатүсірілген екен. Оқиға ізімен бұзақылық және төтенше жағдай режимін бұзу баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бүгін қаланың мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен заң бұзған азамат 15 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін қырық жастағы заң бұзушы бұл ісіне өкінетіндігін айтып, қоғам алдында кешірім сұраған болатын. Айта кетейік, сот онлайн режимде өтті.

Хабар 24 телеарнасы