421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау тұрғыны жағажайдан итбалықтың екі айлық күшігін тауып алды

  • 408
  • UPD: 21:26, 12.04.2020
Ақтау тұрғыны жағажайдан итбалықтың екі айлық күшігін тауып алды

15-ші шағын ауданда тұратын әйел жағалауда жатқан теңіз жануарын көріп, табиғат қорғаушыларына хабар берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрсетілген мекенжайға жеткен мамандар итбалықтың ауыр жараланғанын айтып отыр. Оның денесіндегі жарақат балықшылар ауынан түскен болуы ықтимал. Енді ол Каспийді мекен еткен сүтқоректілерді зерттеу және оңалту орталығында үш ай бақылауда болады. Аталған нысан былтыр елімізде алғаш рет Маңғыстау облысының орталығында ашылған еді.

 

Хабар 24 телеарнасы