420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 13 435 жаңа жұмыс орны ашылады

  • 268
Қостанай облысында 13 435 жаңа жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы аясында 275 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және инженерлі-көліктік нысандар құрылысын жүргізу, жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыруға ерекше көңіл бөлінбек. Осы жобалардың арқасында 13 мың 435 жұмыс орны ашылады. Соның 7 мыңы жұмыссыздарға есептелген. Олардың айлық жалақысы төменгі еңбекақының екі есе мөлшерінен, яғни 85 мың тенгеден кем болмауы тиіс. Жалпы жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша биыл облысқа 53 миллиард теңге бөлініп отыр.

Сырбай Қонақбаев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекші маманы:

– Бұл жобаға қатысу үшін жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына барып, өтініш білдіреді. Сол өтініштер бойынша құжаттар қабылданады. Ал ауылдық жерлерде әкімдіктер арқылы бізге шығады. Осы бағыт бойынша ол кісілер жұмысқа алынады.

Хабар 24 телеарнасы