423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында бір отбасының 6 мүшесінен COVID-19 анықталды

  • 573
  • UPD: 11:21, 13.04.2020
Түркістан облысында бір отбасының 6 мүшесінен COVID-19 анықталды

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адамның алтауы бір отбасының мүшесі болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең үлкені 55 жаста болса, кішісі 10 жастағы бала екен. Ал жетінші адам – Бәйдібек ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ол вирус жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Осы сағаттағы мәлімет бойынша облыс көлемінде вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 43, олардың біреуі 4 сәуірде қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы