422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Іске қосылатын мекемелер тізімі 15 сәуірде жарияланады

  • 354
  • UPD: 19:30, 13.04.2020
Іске қосылатын мекемелер тізімі 15 сәуірде жарияланады

20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кей мекемлер өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен өндіріс ошақтары, кәсіпорындар және қызмет көрсету ұйымдары. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында белгілі болды. Бірақ жұмыс барысында олар сақтық шараларын қатаң ұстанатын болады. Барлығы антисептикалық және қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ әзірге нақты қай нысандардың іске қосылатыны белгісіз. Мемлекеттік коммиссия тізімді 15 сәуірде жариялайды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекеттік комиссияның 10 сәуірдегі отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев карантиндік режимді сәуірдің соңына дейін ұзарту қажеттілігін айтты. Сонымен қатар Үкіметке әкімдермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ШОБ жандандыру бойынша нақты және атаулы жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл орайда санитарлық эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтау қамтамасыз ету қажет.

Хабар 24 телеарнасы