425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 20%-і – дәрігерлер

  • 400
  • UPD: 19:46, 13.04.2020
Елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың 20%-і – дәрігерлер

Елімізде короновирус жұқтырған дәрігерлердің саны 211-ге жетті.

Бұл науқастардың 20%-іне тең. Медицина қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі ауыр. Тәулік бойы ауруханада жүруге мәжбүр. Одан қалды, қорғаныс құралдары жетіспей жатады. Ақ халаттылар арасында кесел жұқтырғандардың артуы осының салдары.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ комитетінің төрайымы:

- Еліміздің 13 облысында дәрігерлер короновирус жұқтырды және барлық жағдай медициналық ұйымдарда тіркелген.Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы көрсеткіш жоғары. Айта кету керек,  вирус жұқтырған 211 адамның 74-і профильді стационарларда еңбек ететіндер.

Министрлік өкілі «елімізде короновирустың таралуының шарықтау шегі сәуірдің соңы немесе мамырдың басына тұспа-тұс келуі мүмкін» дейді. Ол кезде науқастардың қатары 2 мыңнан асуы мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы