420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда соңғы бір тәулікте 27 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

  • 258
  • UPD: 19:58, 13.04.2020
Алматыда соңғы бір тәулікте 27 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

Алматының өзінде соңғы бір тәулікте 27 медицина қызметкерінен вирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осы мәселе бойынша эпидемиологиялық тексеру басталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Жаңағы вирус жұқтырған 27 ақ халаттының 21 әйел, алтауы ер адам. Араларында жүкті әйел де бар. Екеуіне полисегментті пневмония деген диагноз қойылған. Олардың жағдайы ауыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. 20 маман шұғыл медициналық көмек көрсетіп келген қаладағы орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері екен. Қалған жетеуі Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары. Тілеухен Әбілдаев қазір қаладағы барлық клиникаларда қызметкерлер сынама тапсыруға міндеттелгенін және қауіпсіздік шаралары тағы күшейтілгенін жеткізді. Жалпы инфекциялық стационарда 122 адам ем алуда. Олардың арасында үш жүкті әйел бар.

Хабар 24 телеарнасы