426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы емханалардың кіреберісіне тепловизорлар орнатылды

  • 446
  • UPD: 22:12, 13.04.2020

Құрылғы есіктен енген барлық адамның дене қызуын автоматты түрде тексереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дәрігерлердің жұмысын біраз жеңілдетіп, қызуы жоғары адамды дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермек.

Емханаға келген әрбір адамның дене қызуы кіреберісте тексеріледі. Жаңа құрылғы адамның температурасы қалыпты деңгейден жоғары екенін анықтаса белгі береді. Ал, науқас бірден арнайы бөлмеге жеткізіліп, бақылауға алынады. Бүгін осындай құрылғының бірі елордадағы №5 емханаға орнатылды.

Алтыншаш Табылдина, «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры:

- Негізі емханаларда дене қызуы көтерілсе немесе жөтеліп ауырып тұрған адамдардың бәрі кіретін басқа есік бар. Басқа жерден қабылданады. Әдейілеп бөлінген фильтр кабинеті бар. Бірақ кей адамдар өзінің дене қызуы бар екенін білмей, осы негізгі есіктен кіруі мүмкін. Сондықтан сол кісілерге уақытында біліп, осы жерден басқа фильтр кабинетіне жіберу үшін осындай тепловизорлар өте ыңғайлы. Корнавирус инфекциясына сондай күдікпен келген адам болса, біздің жедел жәрдемді шақырамыз да сол жерден карантиндік стационарға жібереміз.

Құрылғы бірнеше адамның дене қызуын бір сәтте көрсете алады. Бұл адамдардың ішке кезек күтпей еркін кіруіне мүмкіндік береді және дәрігердің науқаспен тікелей байланысуының алдын алады. Егер кірген адамның температурасы 37 граудстан жоғары екені анықталса автоматты түрде дабыл қосылады.

Әлия Айтуғанова, «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ішкі аудит бөлімінің жетекшісі:

Есіктен біртіндеп кіру міндет емес. Құрылғы 10-15 адамның дене қызуын бірден көрсетеді. Сондай-ақ аппаратты дәрігердің бақылап отыруы да шарт емес. Тіркеу бөліміндегі адам қадағалай алады.Себебі, қызуы жоғары адамды анықтаса, аппарат ескерту береді.

Бүгінде мұндай құрылғы елордадағы алты емханаға қойылды. Оны кәсіпкер Нұрлан Смағұлов сыйға тартқан. Бұған дейін әрбір адам қол тепловизорлары арқылы жеке-жеке тексеріліп келсе, жаңа аппарат бір күннің ішінде-ақ өзінің тиімділігін көрсетті. 

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Дәрен Жұрқабаев

Хабар 24 телеарнасы