429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы дәрігерлер үстемақы алды

  • 505
  • UPD: 23:05, 13.04.2020

Алматы облысындағы Қарасай аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері де жалақыларына қоса үстемеақы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы жұқпалы аурулар бөлімінде 7 науқас ем алып жатыр. Бір адам жазылып шыққан. 

Сәуле Барақбаева, Қарасай аудандық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:

- Президентке, Үкіметке әріптестерімнің атынан алғыс білдіремін. Осы жолы жалақымызға қоса үстемақы алдық. Біздің мақсатымыз – үстемақы алу емес, науқастарды емдеп шығару. Сол жандар аман-есен жазылып шықса, біздің еңбегіміздің еш кетпегені. Оған қоса, осындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін сақтық шараларына да баса басымдық беріп жатқанымызды айта кеткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы