427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды

  • 549
  • UPD: 08:18, 14.04.2020

Алматы халықаралық әуежайына әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» жүк таситын ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қытайдан Польшаға бағыт алған алып ұшақ Алматы әуежайына жанармай құю үшін аялдаған.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Алматыда бүгін күн жаңбырлы. Соған қарамастан, аңызға айналған алып ұшақ Алматы әуежайына аман-есен қонды. Айта кетейік, әу баста Украинадан Қытайға бағыт алған ұшақ осыдан 1 күн бұрын алып ұшақ жанармай құю үшін Алматы әуежайына тоқтаған болатын. Коронавирус инфекциясымен күресу үшін қажетті медициналық құрал-жабдық тиеп, Қытайдың Тяньцзинь әуежайынан көтерілген лайнер қайтар жолда тағы Алматыға аялдады.

Ерлан Серікбаев, Алматы халықаралық әуежайы арнайы транспорт қызметінің басшысы:

– Алматы халықаралық әуежайында кез келген көлемдегі әуе кемесін қабылдауға мүмкіндік беретін 2 ұшу қону жолағы бар. Сонымен қатар А-380 ең үлкен жалаушылар ұшағы да қона алады. Қазір келіп қонған ұшақ 600 тоннаға дейінгі салмақты қозғалтуға болатын тұраққа тоқтады.

Сағатына 850 шақырымды артқа тастайтын алып ұшақ бір мезетте 200 тонна жүкті тасымалдай алады. Қанатының ұзындығы 88 метр, ал салмағы 250 тонна. Киевте жасалған Ан-225 ұшағы алғаш рет әуеге 1988 жылдың желтоқсан айында көтерілген. Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу ғана. 

Гүлжан Көленқызы, тілші:

– Бұл – алып ұшақтың 2018 жылдың күзінен бергі бірінші сапары. Аса қажет жағдайда ғана аспанға көтерілетін әуе кемесі белгіленген кесте бойынша Польшаның Варшава қаласына 14 сәуірде жетуі тиіс.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Айдар Әбдешов,

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы