423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда карантин енгізілгелі үш мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 306
  • UPD: 12:27, 14.04.2020

Қолдан анықтама жасау, рұқсатсыз жұмыс істеу, негізсіз сыртқа шығу. Карантин басталғалы елорда да осы және өзге де құқық бұзушылыққа жол берген үш мың  адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Арнайы тексерістер күнделікті өткізіліп тұрады. Солардың бірінде біздің түсірілім тобы да болып қайтты

Міне, кезекті тексеріс басталды. Қала ішілік бекеттер бір мезетте екі бағыттағы қозғалысты қамтиды. Әр жолаққа бір маннан бекітілген. Құжатты ұсыну ғана жеткіліксіз. Оның арнайы базада бар-жоқтығы планшетпен тағы бір рет тексеріледі. Ол бекер емес. Тәртіп сақшылары өз қызметін атқару барсында жасанды анықтамамен жүргендерде анықталған. 

Елжан Чупеков, әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Мәселен, бір шағын компанияны алайық. Онда 5 адам қызмет істейді. Ал тексеріс кезінде 20 тіпті, оданда көп адамның сол компания атынан анықтама алып жүргенін аңғардық. Яғни, әлдебіреу құжаттарды артығымен басып шығарып, таратқан. Сондықтан ол жүргізушілердің анықтамасы тәркіленді.

Бұл фактілерге қатысты енді тиісті шешім қабылданады. Мамандар ешкім жауапсыз қаламайды, осыны назарға алыңыздар дейді. Карантин режимін бұзғаны үшін тек соңғы бір аптаның өзінде 804 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Бауыржан Тоқжұманов, әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Соның ішінде айтып кететін болсақ, 174 адамға ескерту жасалынды, 324 адамға  әкімшілік айыппұл салынды. Және 32 адам әкімшілік қамауға алынды. 174 автокөлік айып тұрағына қойылды осы карантин нұсқамаларын бұзғаны үшін.

Айта кетейік, жүргізушілерге қоса тәртіп сақшылары тарапынан жаяу жүргіншілердің де рұқсат қағаздарының бар жоқтығы тексеріледі. Бұл ретте, полиция өкілдері тұрғындардан құқықбұзушылыққа жол бермей, карантин режимін сақтауды қатал ескертеді.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы