427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы жаңа аурухана апта соңында пайдалануға беріледі

  • 818
  • UPD: 14:31, 14.04.2020
Елордадағы жаңа аурухана апта соңында пайдалануға беріледі

Елордадағы жаңа емдеу орнының құрылысы 17 сәуірде аяқталады. Бас шаһар маңында жүргізіліп жатқан құрылыс 80 процентке аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осы апта соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Емдік нысан 200 науқасты бір мезетте қабылдай алады. Оның ішінде 180 палатаға стационарлық жағдайда емделушілер орналастырылады. Қалған 20 орын интенсивтік терапияға арналған. Жаңа госпитальдің жалпы аумағы 11 мың шаршы метр. Еске салайық, құрылыс жұмыстары сәуірдің 5-інде басталған еді.

Адат Әділхан, құрылыс компаниясының даму жөніндегі директоры:

– Осында жоғары медициналық талаптар қойылады. Атап айтқанда, зарарсыздандыру, үшқабатты ауаны тазалау системалары. Арнайы тамбуры бар шлюздар орнатылады. Себебі теріс ағымды принципте вентилюция жүйесі қолданылады.

 

Хабар 24 телеарнасы