417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каникулды ата-әжесімен басқа қалада өткізген балаларды Нұр-Сұлтанға қайтаруға рұқсат - Cәденов

  • 707
  • UPD: 13:47, 14.04.2020
Каникулды ата-әжесімен басқа қалада өткізген балаларды Нұр-Сұлтанға қайтаруға рұқсат - Cәденов

Көктемгі каникулын ата-әжесімен басқа қалада өткізген, артынша астананың карантинге жабылуына байланысты ішке қайтып кіре алмаған балаларды блокпостқа алып келсе кіргізуге бола ма?

Бұл сұраққа Нұр-Cұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Е.Сәденов былай деді:

- Балаларды қайтаруға болады. Бұл үшін олардың ата-анасының елордада тіркелгені туралы электронды құжаты болуы тиіс. Сондай-ақ бала ішке кірген жағдайда 14 күндік карантинде болады.

Хабар 24 телеарнасы