432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы Қалқұтан өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді

  • 307
  • UPD: 20:17, 14.04.2020
Ақмола облысындағы Қалқұтан өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді

Су айдынының шектік деңгейі 5 метр 70 см болса, қазір ондағы мөлшер 6 метрден асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ал бұл, Астрахан ауданындағы Ескі Колутон ауылына қауіп төндіруі мүмкін. Қазірдің өзінде жағаға жақын орналасқан бірнеше үйдің ауласына су кірген. Үйлерді су баспауы үшін барлық шараларды қолға алып жатырмыз, дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Ауылда бірнеше күннен бері құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар су басқан аулаларды тазартып, үйлердің маңайын инертті материалдармен қоршап жатыр. Ал синоптиктер алдағы күндері аймақта жауын-шашын болады дейді.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Ал Жабай өзенінде бірнеше күннен бері су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Себебі далада ағаштардың арасында, сай-салаларда әлі ерімеген қар бар. Егер күн күрт жылынып кететін болса, сол қардың бәрі еріп, өзенге құйылады. Целиноград ауданында да жағдай тұрақты. Енді Есіл өзенінен келер қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы