423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстаулық 243 медицина қызметкері үстемеақы алды

  • 446
  • UPD: 19:26, 14.04.2020
Маңғыстаулық 243 медицина қызметкері үстемеақы алды

Маңғыстау облысында вируспен күреске жұмылдырылған 243 медицина қызметкеріне үстемеақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін шамамен 40 млн теңге жұмсалды. Жалпы осы мақсатқа үш айға ел қазынасынан 314 млн теңге бөлінген еді. Оның бір бөлігі дәрігерлердің наурыз айындағы жалақысына қосылды. Қалғаны сәуір-мамыр айларында төленеді. Таяу күндері жедел-жәрдем мен блок-бекеттегі қызметкерлер де үстемеақы ала бастайды. Естеріңізге сала кетейік, коронавируспен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінеді. Жоғарғы төлем – 850 мың теңге. Мұндай соманы Ақтаудағы орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің 24 қызметкері алды.

Гүлбибі Тасполатова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бірінші топ 4,8 млн теңгеге қаржыландырылды. «Жоғары қауіп» – екінші топ болып табылады. Бұл бойынша 10 жалақының ең төменгі мөлшері, яғни 425 мың теңге. Провизорлық стационардың 101 дәрігері, орта және кіші буынды медицина қызметкерлеріне 27,1 млн теңге төленген еді. Сондай-ақ «Орташа қауіп» – үшінші топ. Бізде бұл бойынша 212 мың 500 теңге 118 дәрігерге, орта және кіші медицина қызметкерлеріне жалақыға 8,3 млн теңге үстемеақы төленді.

Хабар 24 телеарнасы