424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада коронавирус жұқтырған жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр

  • 514
  • UPD: 11:18, 15.04.2020
Елордада коронавирус жұқтырған жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр

Елордада коронавирус жұқтырған жеті адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуі жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді.

Қазір науқастар инфекциялық стационарда толыққанды ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайлары қалыпты деңгейде, коронавирусқа қарсы клиникалық тәсілмен ем-дом жасалуда. Мамандар індет жұқтырған адамдардың қал-ахуалына қарап, 14 күн арнайы жүйе бойынша емдейді. Кейін пациенттерден екі мәрте анализ алынады. Егер ол таза болып шықса, науқас вирустан жазылған деп есептеледі. Бүгінде елордада 110 адам қауіпті індеттен айықты. Соңғы тәулікте ел астанасында 47 адамның коронавирустан жазылып шыққаны белгілі. Арасында медицина қызметкері де бар.

Әлия Рүстемова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Барлық пациенттер арнайы нұсқаумен шықты. Олар 14 күн үйлерінде карантинде жатулары тиіс. Бұл өзіңді оқшаулау деген сөз. Пациенттер бұл тәртіпті міндетті түрде сақтағаны дұрыс. Үйде бетперде тағып, отбасымен қарым-қатынасты шектеу керек. Жеке бөлмеге жатып, қолдарын жиі жуып, гигиена талаптарын қатаң сақтауы керек.

Хабар 24 телеарнасы