423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да коронавирус анықталған науқастар Ресейден келген

  • 628
  • UPD: 11:38, 15.04.2020
БҚО-да коронавирус анықталған науқастар Ресейден келген

Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді.

Оның ішінде 4 науқас Батыс Қазақстан облысының, 2 науқас Ақтөбе облысының тұрғыны.

Бірінші науқас Ресей Федерациясынан келген. Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлерінің сауалнама толтыру, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде ешқандай шағымы болған жоқ. Келген сәттен бастап үй карантинінде медицина қызметкерінің бақылауында болды. 14 наурызда дене қызуының жоғарылауына байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Екінші пациент бірінші науқаспен бірге тұрған. Сондай-ақ дене қызуының көтерілуіне байланысты және науқаспен жақын байланыста болған адам ретінде тіркелді.

Қалған 4 азамат Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істеген. РФ шекарадағы «Тасқала» бекетінде сауалнама толтырып, байланыссыз термометриямен тексерілді. Ол кезде шағымы болмаған. Кейін карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациенттен де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы