421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер елордаға 10 мың бетперде беріп жіберді

  • 243
  • UPD: 13:41, 15.04.2020
Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер елордаға 10 мың бетперде беріп жіберді

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері елордаға 10 мың бетперде беріп жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеберханаларда тігілген маска бір реттік емес, бірнеше мәрте қолдануға болады. Алыстағы ағайынның көмегі мұнымен бітпейді. Апта аяғында 10 мың медициналық қолғап пен қорғаныш костюмдерін жеткізбекші. «Nur Otan» партиясы бетперде толы қораптарды қабылдап алып, қаладағы бірнеше кәсіпорынның жұмысшыларына табыстады. Қоғамдық тасымалмен айналысатын мекемелер мен азық-түлік базарларына да таратылады. Ал, медициналық қолғапты блок-бекеттерде кезекшілікте тұрған әскерилерге береді. Қорғаныш костюмдерін дәрігерлер алады. Одан бөлек, партияның бастамасымен, «Игі істер» акциясы аясында 16 мың шиша антисептик сатып алынған.

Ерлан Қаналимов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

- Оның бәрі үлкен көмек, шынын айтқанда, тарату нысандары бізде өте көп. Қалада карантин мамыр айының біріне дейін ұзартылды. Ең басты мәселе, «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесе отырып, жұмыс істеп жатқан сауда нысандарына таратамыз. Ондай нысан қала бойынша 2700. Соларға үлкен көмек болады.

Хабар 24 телеарнасы