423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда зейнеткерлерді алдаған алаяқтар ұсталды

  • 247
  • UPD: 14:35, 15.04.2020

Ертіс өңірінде белгісіз азаматтардың «электр сымдарын тексереміз» деген желеумен зейнеткерлердің үйлеріне заңсыз кіру деректері тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өздерін «энергия таратушы ұйым өкілімін» деп таныстырған. Осылайша, жалғызбасты қарттарды алдап, оңай олжаға кенелмекші болған. Ал, тексеруге келгенде қолдарында құжаттары мен құрал-жабдықтары да болмаған. Бұған дейін тұтынушылар хабарласып, жоспарлы тексеріс жұмыстары туралы сұраған. Энергетикалық компания мамандарының айтуынша, жоспарлы шаралардың барлығы тоқтатылған, ешқандай тексерістер жүргізілмейді. Энергетиктер белгісіз азаматтар хабарласқан жағдайда мәліметтерді растап, мамандардың аты-жөндерін тексеріп алуды ескертеді.

Людмила Калашникова, қала тұрғыны:

- Белгісіз адамдар пәтердегі электр сымдарын тексереміз деп хабарлап айтты. Әрине, күдіктеніп қалдым. Өйткені мамандар тек біздің өтінішімізбен келулері тиіс. Көршілеріме де қоңырау соғыпты. Алданып қалмау үшін зейнеткерлерді абай болуға шақырамын.

Олеся Емельянова, энергия таратушы компания өкілі:

Төтенше жағдай кезінде энергия таратушы компания жосапарлы тексерістерді кейінгіге шегерді. Жөндеу жұмыстары да уақытша тоқтатылды. Біз тексерістерді тек тұтынушылардың қалауымен жүргіземіз. Оған қоса, мамандардың пәтерлердің ішіне кіруге құқықтары жоқ.

Хабар 24 телеарнасы