476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астанадағы елді мекен тұрғындары интернет үшін шатырға шығуға мәжбүр

  • 642
  • UPD: 16:27, 15.04.2020
Астанадағы елді мекен тұрғындары интернет үшін шатырға шығуға мәжбүр

Елорда маңындағы Талапкер және Қажымұқан ауылдарының тұрғындары WhatsApp арқылы хат алысу үшін үйдің шатырына шығып жүр.

Бұл елді мекендер Билайн және Алтел компанияларының желісіне қосылған екен. Аталған ауылдарда ұялы байланыс қашан дұрысталады?

Бұл сұраққа «Хабар 24» арнасындағы брифингке келген «Қазақтелеком» компаниясының өкілі мен «Кар-Тел» компаниясының қызметкері жауап берді.

Талапкер ауылындағы ұялы байланыстың станциясы көршілес Максимовка елді мекенінде орналасқан. Ал бұл дегеніміз 4 шақырым болатын арақашықтық. Байланыстың дұрыс ұстамауы осы себептен болуы мүмкін. «Қазақтелеком» компаниясының жауабы осындай болды.

Ал Beeline маркасы қарасты «Кар-Тел» компаниясының өкілі елорданың айналасында бұл оператордың үздіксіз жақсы жұмыс істеп тұрғанын алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы