424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Курсанттар граната ұстаған күдіктілерді қолға түсірді

  • 294
  • UPD: 17:48, 15.04.2020
Курсанттар граната ұстаған күдіктілерді қолға түсірді

Төтенше жағдай режимін және карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер батылдық пен өжеттік, тапқырлық пен қарапайым адамгершілік қажет болатын түрлі оқыс жағдайларға тап болады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Жақында Алматы қаласында патрульдеуге қатысатын Радиоэлектроника және байланыс əскери-инженерлік институтының курсанттары осындай оқиғаға тап болды. Олар Төле би-Саин көшесінен гранаталы ер адамды ұстады. 

Курсанттардың айтуынша, оларға бір жігіт келіп екі адамды көргенін, олардың бірінің қолында жарылғыш гранатаға ұқсас зат болғанын айтқан. Әскери қызметшілер аталған адамдарды құрықтауға тырысқанымен олар қаша жөнелген. Оларды курсанттар қуып жүріп қолға түсірген.

«Олардың бірінің қалтасында бір зат болды. Кенеттен ол əлгі затты алып, жерге лақтырды. Мен гранатаның корпусын байқадым», – дейді курсанттардың бірі Ерсұлтан Болат.

Ұсталған адамдар полицияға тапсырылып, граната алынып, сараптамаға жіберілді. Кейін анықталғандай, олардың біреуі бұрын ұрлық және тонау əрекеттері үшін сотты болған. Жарылғыш зат қайдан алынып, сондай-ақ не мақсатта пайдаланбақ болғанын құқық қорғау органдары анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы