430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 459 медицина қызметкері үстемеақы алды

  • 254
  • UPD: 20:32, 15.04.2020
СҚО-да 459 медицина қызметкері үстемеақы алды

Осындай сын сәтте өз басын бәйгеге тігіп, елдің амандығын ойлаған дәрігерлеріміз көп. Солардың еңбегін елеп, Үкімет те сыйақы беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік Қазақстанда 459 медицина қызметкері үстемеақы алды. Еске салайық, денсаулық сақтау қызметкерлері 3 тәуекел тобына бөлінген. Олардың арасында коронавирус жұқтырған адамдарды емдейтін дәрігерлерден бастап, науқастарды көрмейтін жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері мен зертханашыларға дейін бар. Бұл мақсатқа міндетті медициналық сақтандыру қорынан 44 миллион теңге бөлініп отыр. Атап өтерлігі, карантинге байланысты біраз маман үйлеріне бармай жұмыс істеп жатыр.

Мейрамбек Ахметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бірінші топқа 850 мың теңге, екінші топқа 425 мың теңге, үшінші топқа жалақысына байланысты 5 айлық есептік көрсеткіші көлемінде үстемеақы төленеді. Әр қызметкердің жұмыс уақыты қатаң есептеледі. Қаржылай қолдау сәуір айында да жасалады.

 

Хабар 24 телеарнасы