417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін байланыс операторлары 1200 ауылға интернет қосып бермек

  • 244
  • UPD: 20:31, 15.04.2020
Жыл соңына дейін байланыс операторлары 1200 ауылға интернет қосып бермек

Айта кетерлігі, карантин кезінде байланыспен қамту көрсеткіші 13 процентке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ халқы аз елді мекендер үшін сапалы ғаламтор әлі де қолжетімсіз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқовтың айтуынша, ел аумағында 34 млн-ға жуық мобильді құрылғы мен 15 млн белсенді абонент тіркелген.

Дарын Тұяқов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

– Қолданыстағы байланыс туралы заңға сәйкес байланыс операторлары өз қаражаттары есебінен байланыс жүйелерін салу және дамытуды іске асырады. Бұл жұмыс 2018 жылы басталған болатын. Екі жыл ішінде көп жұмыс істелді. Екі жоба қазіргі кезде 1200 ауылды интернет желісіне қосу жұмыстары болып жатыр. Бүгінгі таңда  607 ауыл қосылған.

Хабар 24 телеарнасы