430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус: медицина мамандары неге наразы

  • 529
  • UPD: 08:27, 16.04.2020

Елімізде кейбір медицина мамандары тарапынан үстемақыға қатысты өкпе-наздар айтылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Көкшетау қаласының жедел жәрдем қызметкерлері біз үстемақыны аз алдық деп, әлеуметттік желіде реніш білдіріп жатса, Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының алғашқы медициналық көмек мамандары бізге мүлдем бұйырмады деп налиды. Сонда оны кім алды? Жалпы қаржы қалай бөлінеді?

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеода Целиноград ауданындағы бірнеше елді мекеннің жедел жәрдем қызметкерлері өздерінің реніштерін білдірді. Айтуларынша, ақшаны бөлетіндер мамандарды алалап отыр. Себебі бәріміз бірдей қауіптің қақ ортасында жүрміз дейді.

Мәселенің мән-жайын облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сұрап білдік. Жауапты мекеме өкілінің айтуынша, коронавируспен күресте кім тікелей еңбек етсе, олардың барлығына үстемеақы тиісті көлемде төленгенін айтады. Оның ішінде целиноградтықтар да бар. Бірақ ол жұмыс істеген сағаты мен қауіптілік деңгейіне қарай есептеліп беріледі екен. Мәселен, 425 мың теңге жұмыс күндеріне бөлінеді. Соған сай, маман қанша уақыт қауіпті жерде жұмыс істесе, соншалықты жалақысына қаржы қосылмақ.

Әсел Қалдыбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Целиноград ауданы бойынша 1 млн 632,5 төленді. 1 дәрігер 149 мың, 11 фельдшер маманына 1,2 млн теңге және 12 жүргізушіге 426 мың теңге төленді. Ережелерге сәйкес, атқарылған уақыт бойынша төленді. Оның барлығы медкартада да, АДИС бағдарламасында да шақыртулар барлығы жазулы, білесіздер, қазір бәрі онлайн түрінде. Сондықтан оның барлығын дәлелдеуге болады.

Ал жалпы наурыз айындағы еңбегі үшін Ақмола облысында 529 медицина маманы үстемеақы алыпты. Оларға бас-аяғы 47 млн теңге қаржы бөлінген. Аймақта бірінші санатқа облыстық туберкулезге қарсы диспансердегі инфекциялық бөлімшенің 44 маманы іліккен. Олар қазір қауіпті вирусқа шалдыққандарды емдеп жатқан қызметкерлер. Ал екінші және үшінші топтағылар, провизорлық және стационарлық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, медбикелері мен көлік жүргізушілері. Арасында жедел жәрдем қызметінің мамандары да бар дейді жауаптылар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы