419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк филиалының директоры әкімшілік қамауға алынды

  • 875
  • UPD: 13:56, 16.04.2020

Көкшетауда Ұлттық банк филиалының директоры әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкілетті тұлға елдегі төтенше жағдайға қарамастан, сәуір айының басында қызметкерлер арасында теннистен турнир өткізген. Мекеме ғимаратында ұйымдастырылған спорттық шараға 9 адам қатысыпты. Олардың бұл әрекеті полицейлер жүргізген кезекті рейд барысында әшкереленген. Мемлекеттік мекеме басшысының заңбұзушылығын екі бірдей адвокат ақтап алуға тырысқанымен, Көкшетау қалалық соты оны 3 күнге әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. Мұндай жеңіл жаза тағайындауға айыпталушының кінәсін толық мойындауы мен бұрын істі болмауы себеп болыпты.

Хабар 24 телеарнасы