431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскалармен қамтылады

  • 281
  • UPD: 15:36, 16.04.2020
Елордада 40 мың отбасы тегін медициналық маскалармен қамтылады

Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз!» акциясы аясында 40 мың аз қамтылған отбасы медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі.

Әр жиынтықта 50 қорғаныс құралы бар, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Birgemiz қоры арқылы Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары үшін 5 млн маска сатып алынды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына екі миллион маскадан бөлінген. Елорданың 40 мың отбасын қамту жоспарлануда. Әрбір отбасыға 50 маскадан таратылады», - деді Е.Бейсенбаев.

Бұл бағыттағы жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қолдауымен, еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізіледі. Барлық еріктілер арнайы қорғаныс костюмдерін киеді.

«Бүгін біз екі мың отбасыға 100 мыңға жуық маска таратуды жоспарлап отырмыз. Одан әрі жұмыс карантин біткенше жалғасады», - деп атап өтті Е.Бейсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Біз біргеміз!» акциясы аясында 5 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен және гигиена құралдарымен қамтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы