418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуір айында көктемгі егіс жұмыстарына 138 мың тонна дизель отыны бөлінді

  • 271
  • UPD: 16:28, 16.04.2020
Сәуір айында көктемгі егіс жұмыстарына 138 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы операторлары айлық көлемнің 19,4%-ін игерді, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 390 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланған, ақпан-наурыз айларында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тиісінше 10,3 және 103 мың тонна бөлінді. Осы кезеңде 5,3 және 74,2 мың тонна игерілді. Мәселен, Ақмола облысы наурыз айына жоспардың 67%-ін, 14 сәуірдегі жағдай бойынша 7%-ін алды. Бұл ретте дизель отынының жоспарланған барлық көлемі қолда бар және ол жергілікті атқарушы органдар белгілеген ауыл шаруашылығы операторларының өтінімдері бойынша жіберіледі.

2020 жылдың сәуір айында 138 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланған, алайда бүгінгі күнге тек 27 мың тонна жөнелтілді, бұл айлық көлемнің 19,4% құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізуге қатысатын негізгі ресурс ұстаушылармен кеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы 1 тоннасы үшін 194,0 мың теңгеден (161 теңге/литр) 1 тоннасы үшін 174,0 мың теңгеге (144 теңге/литр) (ҚҚС қоса алғанда) (FCA-тиеу станциясы шарттарында) дейін 1 сәуірден бастап төмендетілді.

Сәуірде жеткізуді, сақтауды және оператордың маржасын ескере отырып, баға 1 литр үшін 165 теңгені құрайтын болады (анықтама үшін: Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі дизель отынының орташа бағасы шамамен 188 теңге / литр).

Көктемгі егіс жұмыстарын үздіксіз жүргізу үшін фермерлердің жоспарланған жанармай көлемін егін егуді тоқтатпай, жаңа бағамен сатып алу мүмкіндігі бар, бүкіл жоспарланған көлем қолжетімді және жергілікті атқарушы органдар анықтаған ауылшаруашылық операторларының сұраныстарына сәйкес тиеп- жөнелтіледі. Сондай-ақ, облыстардың әкімдіктері жоспарланған көлемге сәйкес фермерлерді дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелерін қадағалап отыруы тиіс.

Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынын алуға арналған өтінімдердің уақтылы рәсімделуін бақылауы, сондай-ақ дизель отынын фермерлерге жоспарланған көлемге сәйкес берудің жергілікті рәсімдерінің тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы