Қазақстанның ең ірі мегаполисіндегі барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар жергілікті биліктің шешімі бойынша маусым айының соңына дейін өткізілмейді.
Мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жасалып жатыр.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік-өндірістік саласы мен экономикасы COVID-19-дың таралу жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтірілетінін хабарлады.
Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы