417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да дала өрті өршіп тұр

  • 212
  • UPD: 18:55, 16.04.2020
СҚО-да дала өрті өршіп тұр

Солтүстік Қазақстан облысында күннің жылынуына байланысты орман мен дала алқаптары өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен сенбіден бері өңірде 50-ден астам өрт оқиғасы тіркеліп, 200 гектер жер отқа оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға қатты жел кедергі болған. Мамандардың айтуынша, карантинге қарамастан, адамдар шөп жағуды қояр емес. Осыған байланысты құтқарушылар рейдтік шараларды күшейтіп отыр. Мысалы, Байсал аулының маңында өрт қойған 50 жастағы азамат ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Бір уақытта бірнеше өрт қатарынан орын алады. Тәулік ішінде біздің бөлімшелеріміз 30-ға дейін шығуды жүзеге асырады. Мобильдік топ құрылды. Олар күн сайын әртүрлі бағыттағы аумақты тексереді. Санкцияланбаған және бақыланбайтын өрт үшін әкмшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салғым келеді.

Хабар 24 телеарнасы