414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызметін асыра пайдаланған полицейлерге сенім телефоны арқылы шағымдануға болады

  • 406
  • UPD: 21:55, 16.04.2020
Қызметін асыра пайдаланған полицейлерге сенім телефоны арқылы шағымдануға болады

Маңғыстаулықтар тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетіне куә болса, Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысына тікелей хабарласа алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін арнайы сенім телефоны құрылып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды. Жалпы өңірде өткен бір ай ішінде полицияның ар-намысына тиюге байланысты 10 дерек және тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан 2 факті тіркелген.

Қанат Нысанбаев, облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің полиция департаментіндегі жеке құрамның сыбайлас жемқорлық әрекеттерден аулақ жүруі үшін түрлі профилактикалық шаралар өткізіліп тұрады. Арнайы рейдтер жүргізіледі. Карантин кезінде арнайы жоспар жасалды. Блокпосттар мен қаладағы тәртіпті сақтауға жұмылдырылған қызметкерлерді бақылау күшейтілді. Тұрғындарды карантин ережесіне шақыруда қызметті асыра пайдалануға, оларға дөрекілік танытуға жол берілмеу керек.

Хабар 24 телеарнасы