425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің үш ірі қаласында бес миллион бетперде тегін таратылмақ

  • 565
  • UPD: 22:50, 16.04.2020

Олар ең алдымен аз қамтылған отбасылар, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедек бала асырап отырған отбасыларға үлестіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір шаңыраққа бір қораптан беріледі. Ішінде 50 маска бар.

Мұндай игі бастама «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қалталы азаматтардың қолдауымен осыған дейін де бірталай қайырымды іс жасалды. Бірақ бұл жолғы бастаманың орны бөлек. Себебі, көмекке қол жеткізгендер енді көше кезіп, қорғаныш құралдарын іздеп сабылмайды.

Бірлік Берікұлы, тілші:

Жүрек жылытар жобаның жұмысы осылай басталады. Волонтерлар бетперделерді қаптап, нұсқаулықпен танысады. Қамданып, діттеген жерлеріне жөнеледі.

Елордалық волонтерлер бүгін 6000 отбасыға 300 мың маска үлестіруді жоспарлайды. Оған 100 ерікті жұмылдырылған.

Аян Мыңжасар, волонтер:

Адамдардың алғысын алып жатамыз. Ризашылықтарын білдіреді. Күн-түн демей, шаршасақ та осылай жүреміз.

Күн ұзаққа бел жазбайтын белсенділердің жұмысы қауырт. Себебі, акция аясында жасалып жатқан сауапты іс көп. Осыған дейін көмекке зәру жандарға азық-түлік, антисептикалық құралдар таратылды. Енді міне, тұрғындарға 5 млн бетперде үлестірілмек.

Елнұр Бейсембаев, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі:

Үш қаламызда 300 мыңнан астам маскалар таратылады. 6 мың отбасыны қамтамасыз ететін боламыз. Бұл акция міндетті түрде осы пандемия аяқталғанға дейін міндетті түрде тарататын боламыз. Бізде тізімі бар азаматтардың.

Көмек қауіптің беті қайтқанша көрсетіледі. Бірінші кезекте адамдар көп шоғырланған қала халқы қамтамасыз етіледі. Уақытша қиындыққа төтеп беру үшін тұрғындар тек сабыр сақтап, үйде отырса болды.

Авторлары: Бірлік Берікұлы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы